Құрметті студенттер! Сіздерді профессор Нэнси Линдбергтің «Халықаралық білім апталығының тұсаукесері: АҚШ-та білім алу және шетелде оқу мүмкіндіктері» тақырыбындағы семинарына шақырамыз.

Нэнси Линдберг – АҚШ-тан келген ағылшын тілі маманы. Ол өз презентациясында АҚШ-тағы білім беру жүйесіне шолу жасай отыра, жоғары білім саласын егжей-тегжейлі қарастырады. Сонымен қатар бакалавриат алмасу бағдарламалары, магистратура бағдарламалары және оқытушылық көмекшілер туралы ақпаратпен бөліседі. Семинарда Алматыдағы EducationUSA бағдарламасы бойынша кеңесшінің негізгі байланыс мәліметтері ұсынылады.

Өтетін күні: 22 қараша 2024 жыл

Уақыты: 14:00-16:00

Өтетін орны:  Әйтеке, 107 конференц-залы.