Құрметті әріптестер! 2024 жылдың 10 желтоқсан айында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Кәсіптік білім кафедрасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елдің тұғыры – дарынды ұрпақ» тақырыбында өтетін Республикалық шығармашылық байқауына мектеп және колледж оқушыларын шақырамыз.

Байқаудың мақсаты: көркемдік іс-әрекетке жоғары ынталы болуына жағдай жасау, бейнелеу өнері саласындағы оқушыларға қолдау көрсету, жастардың даралығын, бастамасын ашуға ынталандыру және балаларды көркемдік білімге баулу.

Республикалық шығармашылық байқауы екі бағытта өтеді:

  • І Номинация: Бейнелеу өнері;
  • ІІ Номинация: Сәндік-қолданбалы өнер.

Жас таланттарға қолдау көрсетуге, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға бірлесе үлес қосайық!

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Алматы қ., Гоголь к. 114, №1оқу ғимараты, 2 қабат, Спорт зал

Өтетін күні: 10 желтоқсан 2024 жыл

Уақыты: 10.00-16.00

Байқаудың ережесімен танысу үшін: https://drive.google.com/drive/folders/1qMD9r-AP81lcaHuMNxoBf-04uw1oicCF сілтемесіне өтіңіз.

Конкурстың бағдарламасы

Байқаудың координаторлары:

Крыкбаева Сара Мукашевна ұял.т. + 8 707 820 24 66/ whatsapp

Өмірзақ Айнур аға оқытушы ұял.т. + 8 775 899 82 97/ whatsapp