Құрметті студенттер!

Shakhmardan Yessenov Foundation 20 студентке ай сайын 70 000 теңге көлемінде шәкіртақытағайындау үшін байқау жариялайды.

Бағдарлама қатысушылары: Қазақстандықуниверситеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтарыбойынша білім алып жатқан бакалавриаттың 2-3 курс студенттері, медициналық жоғары оқу орныүшін бакалавриаттың 2-5 курсы, 18 жасқа толғанҚазақстан азаматтары.

Шәкіртақы саны: 20

Байқауға қатысу үшін Қордың ресми сайтында – yessenovfoundation.org онлайн өтінімді толтыруқажет.

Өтінімге тіркеу қажет міндетті құжаттар: 

1.Жеке куәлік көшірмесі; 2. «Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?» аттытақырыпқа эссе (Microsoft Word форматында);3.Транскрипт (орта балл 3,0 кем болмауы тиіс. Балл 3,0-ден төмен болса, өтінімдерқарастырылмайды); Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама.

Қосымша құжаттар:

1.Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес; 2.Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес; 3.Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес; 4.Ғылыми жетекшісініңұсынымы (бакалавриат бағдарламасыныңжетекшісі, кафедра меңгерушісі).

Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсыжағынан көрсететін сертификаттарын өз бетіншеіріктеп алуы қажет.

Өтінімдер қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 3 ақпанынан бастап 4 наурызына дейін

Өтінімдерді қабылдау аяқталатын уақыт: 2025 жылдың 4 наурызында сағат 15:00-де (GMT+5). Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдерқарастырылмайды.

Толық ақпарат және өтінім беру үшінyessenovfoundation.org сайтына кіріңіз.

Қатысу шарттарын мұқият оқып, өтінім беру уақытын жіберіп алмаңыз!