Құрметті QyzPU студенттері! Сіздерді Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Хореография және арт-менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен өтетін, ҚР мәдениет және өнер қайраткері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор Алпысбай Мырсыдықұлы Көпбаевтың 65 жылдық мерейтойына арналған «Эстрадалық ән салу өнері: Stage Time» республикалық студенттер байқауына қатысуға шақырамыз!

Байқаудың негізгі мақсаты – дарынды жастарға шығармашылық қолдау көрсету, ұлттық өнерді насихаттау және студенттердің бойына мәдени-эстетикалық құндылықтарды сіңіру.

Қатысу шарттары: Байқауға еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатыса алады; Қатысушылар эстрадалық жанрдағы әндерді жанды дауыста немесе минусовкамен орындайды;

Өтінімдер 2025 жылдың 11 наурызына дейін көрсетілген сілтеме бойынша қабылданады: https://forms.gle/5vGKAqLXnhhwXdRM9

Байқау бағдарламасы: https://clck.ru/3Gi4zQ

Бас жүлде: 200 000 теңге

Өтетін күні: 11 сәуір 2025 жыл

Уақыты: 09:00

Өтетін орны: Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, Акт зал.

Байланыс үшін: Электронды пошта: zhalgasbayeba.k@qyzpu.edu.kz
Байланыс телефоны: +7 701 804 90 99 (Жалғасбаева Қанағат)