Құрметті Qyzpu білім алушылары мен қызметкерлері! Сіздерді Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Қарызсыз қоғам» тақырыбындағы заңгерлік көмек бойынша тегін шеберлік сыныбына шақырамыз.

Шеберлік сыныбының мақсаты: Азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қарыз алудың құқықтық аспектілерін түсіндіру және заңгерлік көмек көрсету.

Шара барысында қатысушыларға несие алу, қарыз міндеттемелері, борышкердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қарыздық дауларды шешу жолдары туралы маңызды ақпарат беріледі. Бұл шеберлік сыныбы қаржылық қиындықтардың алдын алуға және қарызсыз тұрақты өмір сүруге бағытталған.

Өтетін орны мен уақыты:

06.03.2025ж. сағат 16:40, Бас оқу ғимараты, Л3 дәріс залы
07.03.2025ж. сағат 16:40, Бас оқу ғимараты, Л1 дәріс залы

Бұл шеберлік сыныбы сіздердің қаржылық сауаттылықтарыңызды арттырып, болашақта қарызсыз өмір сүруге көмектеседі.

Сіздерді айтулы шарада асыға күтеміз!