Құрметті білім алушылар!

Сіздерді Педагогика және психология институтының Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы «Заманауи бастауыш білім беру: Жаһандануы мәселелері және цифрлық трансформация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады!

Заманауи бастауыш білім беру жүйесіндегі жаһандану мәселелері мен цифрлық трансформацияны талқылау, тәжірибе алмасу және білім беру сапасын арттыру жолдарын анықтау – конференцияның басты мақсаты.

Конференцияға қатысуға шақырылады: жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, зерттеуші ғалымдар, колледж және білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандары, мектеп мұғалімдері, докторанттар, магистранттар, студенттер.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Қатысу форматы: офлайн және онлайн.

Мақалаларды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 9 сәуіріне дейін

Өтетін күні: 25 сәуір 2025 жыл

Уақыты: 09:00
Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, Акт залы

Сіздерді күтеміз!