Құрметті QyzPU профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар және докторанттар!

Сіздерді 10-11 сәуір күндері аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Мичиган штаты университетінің (АҚШ) «Білім беру колледжінің» профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім беру бағдарламаларының сарапшылары қатысатын кездесулерге шақырамыз!

Магистратура және докторантура (PhD) білім беру бағдарламаларының мазмұнын әлемдік талаптарға сәйкестендіру және олардың сапасын арттыру — шараның басты мақсаты.

Сонымен қатар кездесу барысында силлабустардың мазмұны және MSU-де білім берудің ғылыми зерттеулерге негізделген дамуы мәселелері талқыланады.

Кездесу қонақтары: Betsann Smith — Ph.D., қауымдастырылған профессор; Samantha Caughlan — Білім беру бағдарламаларының координаторы.

Күні: 10 сәуір 2025 жыл
Уақыты: 14:00
Өтетін орны: Бөгенбай батыр көшесі, 142, №3 оқу ғимараты, 501 аудитория