Құрметті QyzPU ұжымы!

Сіздерді «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудағы заманауи тенденциялар: теория мен практикадағы инновациялар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми–практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз!

Конференция қатысушылары: Отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері, арнайы және жалпы білім беретін мекемелердің қызметкерлері, білім алушылар (студенттер, магистранттар мен докторанттар).

Конференцияның мақсаты: Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудағы өзекті мәселелер мен трендтерді, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық ғылымның жетістіктерін білім беру практикасына интеграциялау жолдарын талқылау үшін диалог алаңын құру.

Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын тілдері
Өткізу форматы: онлайн

Конференция секциялары: Балалардың дамуындағы бұзылыстардың теориялық және практикалық мәселелеріне пәнаралық көзқарас; Арнайы оқу және түзете–дамыту бағдарламаларын жүзеге асырудың әдіснамасы мен тиімді тәжірибесі.

Толық ақпарат үшін: https://drive.google.com/file/d/1HbBIqFk5h7r12lQR3c8snZFkFda5JjrV/view?usp=drive_link

Конференция өтетін күні: 25 сәуір 2025 жыл
Басталу уақыты: 11:00