Құрметті бітіруші курс білім алушылары! 

Сіздерді «Кәсіби тәжірибе және мансап» бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін «Жұмадағы жүздесу» жобасы аясындағы «Педагог-көшбасшы: кәсіби дамудың негізі»
тақырыбындағы кездесуге шақырамыз!

Бұл жолғы кездесудің құрметті қонақтары №176 мектеп-гимназиясының директоры – Дүйсенбекова Нұржамал Есіркепқызы және Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Төлегенов Абылай Көпбергенұлы.

Болашақ педагогтардың кәсіби даму жолдарын талқылап, педагогика саласындағы көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру – шараның басты мақсаты.

Кездесу барысында педагог-көшбасшы болу жолында кездесетін қиындықтар мен мүмкіндіктер, сондай-ақ кәсіби өсу мен мансап құрудың өзекті аспектілері қарастырылады.

Кездесу мерзімі: 2025 жылғы 17 сәуір  
Басталу уақыты: 16:00  
Өтетін орны: Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапхананың конференц-залы

Сіздерді күтеміз!