Құрметті жоғары оқу орындарының ізденушілері мен докторанттары!

Сіздерді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен өтетін Ғылыми мектепке қатысуға шақырамыз!

Ғылыми мектеп бағдарламасы 4 модульден тұрады: I модуль – Докторлық диссертацияны сәтті қорғаудың жолдары мен талаптары. PhD жаңа форматы; II модуль – Зерттеу дизайны және ғылыми зерттеу әдістері; III модуль – Ғылыми мақалалар мен диссертация жазудағы академиялық принциптер мен стандарттар; IV модуль – Ғылыми этика және зерттеу жауапкершілігі. Зерттеу қызметіндегі жасанды интеллект.

Ғылыми мектеп спикерлері – «Болашақ» бағдарламасының түлектері, ғылыми кадрларды даярлауға үлес қосып жүрген, озық ғылыми жарияланымдар мен заманауи кітаптардың авторлары.

Бағдарлама көлемі: 36 сағат
Курстың ақысы: 15 000 теңге

Іс-шараны сәтті аяқтаған тыңдаушыларға сертификат беріледі.

Ғылыми мектепке қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы тіркелу қажет: https://forms.gle/tSMxAQ8gykREr9Gy7

Өтетін уақыты: 2025 жылдың 22–25 сәуір аралығы
Тіркелу мерзімі: 2025 жылдың 19 сәуірі, сағат 12:00-ге дейін

Семинар уақыты: 09:00-17:00  
Курстың форматы: оффлайн

Байланыс телефондары:
 +7 701 242 95 45
 +7 707 605 10 68