Құрметті QyzPU ұжымы! Сіздерді Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының «Музыка» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Есбол Жарылқасынұлы Шаңбаевтың «Әнім, мені алысқа жетелерсің» атты жеке шығармашылық концертіне шақырамыз!

Бұл кеште қазақ халқының асыл мұрасы – дәстүрлі халық әндері, сондай-ақ халық композиторлары мен заманауи авторлардың таңдаулы туындылары шырқалады.

Ұлттық өнердің рухын сезіндірер әсерлі әндер мен сырлы сазды әуендер жүректеріңізге терең әсер қалдырып, шығармашылық шабыт сыйлайды!

Күні: 14 мамыр 2025 жыл

Уақыты: 15:00

Күні: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114, АКТ залы

Тағылымды кештің куәсі болып, өнерге деген ортақ құрметімізді бірге өрнектейік!