Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 16–17 қыркүйек күндері сағат 17:00-де «Ақшатыр» амфитеатрында (Гоголь көшесі, 114) дәстүрлі QYZPU FEST – 2025 студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтеді.

Бұл фестиваль – университет өмірінің ерекше дәстүрлерінің бірі. Мұнда студенттер түрлі ұйымдар мен кеңестердің жұмысымен танысып, жаңа достар таба алады, өзіне жақын ортаға қосылып, қызықты жобаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

QYZPU FEST – 2025 бағдарламасында:

  • студенттік кеңестер мен клубтардың таныстырылымы;
  • мәдени және спорттық қойылымдар;
  • еріктілер қозғалысы мен жастар бастамаларының жобалары;
  • шығармашылық концерттер, флешмобтар және ойын-сауық бағдарламалары өтеді.

Фестиваль студенттерге тек көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар өзін дамытуға, көшбасшылық қабілеттерін шыңдауға және белсенді ортада жаңа тәжірибе жинақтауға жол ашады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңке – болашақ мамандардың кәсіби және әлеуметтік тұрғыда өсуіне ықпал ететін ерекше алаң.

Қыздар университеті барлық студентті, оқытушыларды және қонақтарды QYZPU FEST – 2025 мерекесіне шақырады!