Құрметті әріптестер, докторанттар!

Сіздерді PhD докторанттарға арналған ғылыми семинар сериясына (интенсивті курс) қатысуға шақырамыз!

Курс барысында төмендегі тақырыптар қарастырылады:

  • диссертация құрылымы;
  • ғылыми зерттеулердің әдіснамасы;
  • деректерді талдау;
  • академиялық жазылым дағдылары.

Интенсивті бағдарлама тәжірибелі профессорлар мен сарапшылардың дәрістері мен практикалық жаттығуларын қамтиды. Спикерлер еліміздің ғылымын дамытуға үлес қосып жүрген жас ғалымдар мен өз саласының тәжірибелі мамандары.

Өткізу уақыты: 1 қазан – 30 қазан
Өткізу орны: Жаңа оқу ғимараты, (Богенбай батыр, 142), 501-аудитория

Семинар жоспарымен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://docs.google.com/document/d/1AhuYuyoudPBoN_bMUP0nxGzB3gOuQbDt/edit?usp=sharing&ouid=111302369171334339081&rtpof=true&sd=true

Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!