Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің кампусында академиялық құрам мен студенттер үшін тегін түрік тілі курстары ұйымдастырылады.

Бұл курстар тілдік құзыреттерді арттыруға, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени және академиялық байланыстарды нығайтуға зор үлес қосады деп сенеміз.

Басталу уақыты: 1 қазан

Курс желтоқсан айының аяғына дейін жалғасады

Деңгейлері мен кестесі:

  • А1 деңгейі — дүйсенбі, сәрсенбі, сағат 17:00–19:00
  • В1 деңгейі — дүйсенбі, сәрсенбі, сағат 19:00–21:00

Дәріс беруші: Неслихан Делиже, Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен Түркияның Чукурова университетінен келген волонтер оқытушы

 Өтетін орны: Бөгенбай батыр көшесі, 142, 5-қабат, 501-дәріс залы

Оқу материалдары туралы ақпарат:

Курста қолданылатын негізгі оқулық, жұмыс дәптері және жеке CD-диск оқу материалы қатысушылардың өз қаражаты есебінен алынады. Біздің университеттің оқытушылары мен студенттері үшін оқу құралдарының жалпы құны - 12 500 теңге. Әрбір қатысушыға оқу материалдары жеке (индивидуалды) дайындалатындықтан, курска келген соң тіркеліп, тапсырыс арқылы қамтамасыз етіледі.

Қосымша ақпарат:
Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің аға менеджері – Нұртаза Айдана Нұралықызы
nurtaza.a@qyzpu.edu.kz, +7 775 736 64 68

Ерекше мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!