Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде шетелдік студенттер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға арналған ақпараттық кездесу өтеді.

Кездесуде маңызды мәселелер талқыланбақ:

  • тұрғылықты жерін өзгерту тәртібі;
  • визаны рәсімдеу ережелері;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы мен тұруға рұқсат (ВНЖ) алу тәртібі;
  • көші-қон заңнамасы және жауапкершілік.

Күні: 3 қазан 2025 жыл
Уақыты: 17:00
Өтетін орны: Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 142, 5-қабат, 502 А оқу залы

Кездесуге барлық шетелдік студенттер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың қатысуы міндетті.

Ұйымдастырушы: Халықаралық ынтымақтастық бөлімі