Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 10 қазан күні сағат 11:00–12:30 аралығында «Білім беру үдерісіндегі Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) маңызы (ЖББОП пен ЖОО)» тақырыбында әдістемелік дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шараға Алматы қаласының орта мектептері мен гимназия мұғалімдері, әдіскерлер және университет оқытушылары қатысады.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – оқу үдерісін ұйымдастыруда тұрақты даму мақсаттарының жүзеге асу жолдарын саралау және білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайту.

Шара барысында келесі мәселелер талқыланады:

  • «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының мектеп бағдарламасымен сәйкестігі мен ТДМ-ның іске асу деңгейі;
  • жоғары курс студенттерінің педагогикалық практика базаларын нақтылау;
  • ЖОО түлектерінің теориялық білімін тәжірибеде қолдану және ТДМ дағдыларын дамыту;
  • ЖОО мен орта мектептегі білім беру бағдарламаларына мазмұндық сараптама жасау;
  • түлектерді Алматы қаласындағы орта мектептерде жұмыспен қамту мәселелері мен оны шешу жолдары.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, білім беру сапасын арттыруға бағытталған жаңа бастамалар қарастырылатын болады.

Өтетін орны: 215 конференц-залы

Бағдарламасы: file:///C:/Users/Admin/Downloads/%D0%94%D3%A9%D2%A3%D0%B3%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%BA%20%D2%AF%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BB%2010.10.2025%D0%B6..pdf

Сіздерді мазмұнды жиынқа қатысуға шақырамыз!