Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға өтінімдерді әзірлеу және қолдау тақырыбында ақпараттық-практикалық семинар басталады.

Іс-шараның басты мақсаты – университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының гранттық конкурстарға қатысу құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ жоғары сапалы жобалық өтінімдер мен сметаларды әзірлеу дағдыларын дамыту.

Семинар тренинг және жеке консультациялар форматында өткізіледі. Бағдарламаның жалпы ұзақтығы – 36 сағат. Оқу процесі 8–30 қазан аралығында ұйымдастырылады.

Толық кестемен танысу үшін келесі сілтеме арқылы өтіңіз:

Бұл семинар – ғылыми әлеуетті арттыруға, зерттеу жобаларының сапасын жақсартуға және университет ғалымдарының бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам болмақ.