Құрметті оқытушылар мен студенттер!

«Ұлы Дала тарихы» ғылыми-зерттеу орталығында оқытушылар мен студенттерге арналған тегін Шағатай жазуы курстары өтеді.

Аталған курс тілдік құзыреттілікті арттыруға, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және Қазақ халқының тарихы жазылған шағатай тіліндегі көне еңбектерді оқып-зерттеуге зор мүмкіндік береді.

Курсты тарих ғылымдарының магистрі, «Ұлы Дала тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері Ділмұрат Зәріпбайұлы Уразбаев жүргізеді.

Курстың басталуы: 20 қазан
Аяқталуы: желтоқсан айының соңына дейін

Сабақтар әр аптаның дүйсенбі күні өткізіледі.
Қатысушылар өзіне ыңғайлы уақытты таңдай алады:

  • таңертеңгі топ: 10:00–11:00
  • түстен кейінгі топ: 15:00–16:00

Өтетін орны: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 114/1, 4-қабат, 414-кабинет

Тіркелу үшін: https://docs.google.com/document/d/1hDYpHuDKZYlIXdco7Mzv1CZWcEWKvIuw/edit?usp=sharing&ouid=117618327562617222786&rtpof=true&sd=true

Тарих пен тілге қызығушылық танытқан баршаңызды курсқа қатысуға шақырамыз!