Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры бакалавриат, магистратура, интернатура студенттері мен ғылыми қызметкерлерге арналған «Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдама бағдарламасы – 2026» байқауын жариялады.

Бағдарлама аясында қатысушыларға әлемнің жетекші зертханаларында жазғы ғылыми тағылымдамадан өту үшін 10 грант ұсынылады.

Байқауға келесі талаптарға сай үміткерлер қатыса алады:

  • Қазақстан Республикасының азаматы;
  • Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенті немесе ғылыми қызметкері;
  • Мамандығы жаратылыстану-ғылыми немесе техникалық бағытта болуы қажет;
  • Шетелдің жетекші университеттерінде PhD бағдарламасына түсуге ұмтылуы;
  • Қазақстанда жұмыс істеп, ғылымның дамуына үлес қосуға ниетті болуы.

Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 6 қазан мен 6 қараша аралығы.

Өтінім беру тәсілі: қордың ресми сайтында онлайн форматта.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Жеке куәліктің скан көшірмесі;
  • «Мен жүзеге асырғым келетін зерттеу» тақырыбына эссе.

Эссе мына сұрақтарға жауаптарды қамтуы тиіс:

  • Қандай зерттеу тәжірибеңіз бар?
  • Жүзеге асырғыңыз келетін зерттеуді қалай елестетесіз және оның жүзеге асуы үшін не істеуге болады?
  • Оқу семестрлерінің бағалары көрсетілген транскрипт;
  • Бакалавриат дипломы, бағаларымен (магистранттар мен ғылыми қызметкерлер үшін) немесе соңғы оқу орнынан алынған диплом (1 құжаттан артық емес);
  • Түйіндеме.

Қосымша құжаттар:

  • Ғылыми сертификаттар (3 құжаттан артық емес);
  • Әлеуметтік белсенділік пен еріктілік жұмысқа арналған сертификаттар (2 құжаттан артық емес);
  • Жарияланымдар (2 құжаттан артық емес);