Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  арнайы әлеуметтік категорияға жататын 2,3,4 курс студенттерінің назарына!

Құрметті 2,3,4 курс студенттері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 2026-2027 оқу жылында  жатақханалардағы орындар әлеуметтік категорияға жататын 2,3,4 курс студенттеріне, конкурстық негізде арнайы құрылған комиссия отырысы арқылы орындар берілетіні туралы хабарлаймыз.

КОМИССИЯҒА ҚҰЖАТТАР ТІЗІМДЕМЕСІН  2026 ЖЫЛДЫҢ 4 МАМЫРЫНАН МАУСЫМ АЙЫНЫҢ 5-НЕ ДЕЙІН ҰСЫНУЛАРЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ

Әлеуметтік категорияларға келесідей студенттер кіреді:

  1. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім алушылар;
  2. І-ІІ-ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарындағы білім аушылар;
  3. Ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын білім алушылар;
  4. Қандастар;
  5. 18 жасқа толмаған және "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған төрт және одан да көп балалары бар отбасылардан шыққан білім алушылар;
  6. Аз қамтылған отбасылардан шыққан білім алушылар (АӘК анықтамасы бар);
  7. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан білім алушылар;
  8. Ауған соғысы ардагерлерінің балалары және Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқан тұлғалардың балалары болып табылатын білім алушылар;
  9. Шетелдік студенттер;
  10. Оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген белсенділер және студенттік өзін-өзі басқару мүшелері.

КОМИССИЯҒА (ӘР ИНСТИТУТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫНА)  ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМДЕМЕСІН 2026 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМ АЙЫНЫҢ 5-НЕ ДЕЙІН ҰСЫНУЛАРЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ:

№

ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕСІ

ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕСІН РАСТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР

1

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқорлыққа алынған білім алушылар, толық жетімдер,  Балалар үйі мен жасөспірімдер үйінің түлектері 

1.Жеке куәлік көшірмесі;

2. Туу туралы куәлік көшірмесі;

3. Ата-ана құқығынан айыру туралы сот шешімінің немесе қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;

4. Алматы қаласында үйі, пәтері жоқ деген анықтама.

2

І, ІІ, ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар

1. Жеке куәлік көшірмесі;

2. Мүгедектігі туралы анықтама;

3. Алматы қаласында үйі, пәтері жоқ деген анықтама.

3

Ата-анасы немесе ата-анасының біреуінде мүгедектігі бар білім алушылар

1.Жеке куәлік көшірмесі;

2. Туу туралы куәлік көшірмесі;

3.Ата-анасының  мүгедектігі туралы анықтамасы;

4.Алматы қаласында үйі, пәтері жоқ деген анықтамасы.

4

Қандастар

1. Жеке куәлік көшірмесі;

2. Қандас екенін растайтын құжаты

 

18 жасқа толмаған және "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған төрт және одан да көп балалары бар отбасылардан шыққан білім алушылар (АӘК анықтамасы бар)

 

1.Жеке куәлік көшірмесі;

2.18-ге толмаған әр балының туу туралы куәлік көшірмелері;

3. Мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын туралы анықтама;

4. Алматы қаласында үйі, пәтері жоқ деген анықтамасы

6

Аз қамтылған отбасылардан шыққан білім алушылар (АӘК анықтамасы бар)

 

1.Жеке куәлік көшірмесі;

2. Әкімшіліктен аз қамтылған отбасы екенін растайтын анықтама;

3. Мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын туралы анықтама;

4. Алматы қаласында үйі, пәтері жоқ деген анықтамасы

7

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан білім алушылар

1.Жеке куәлік көшірмесі;

2. Туу туралы куәлік көшірмесі;

3. Мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын туралы анықтама;

4. Алматы қаласында үйі, пәтері жоқ деген анықтамасы

8

Ауған соғысы ардагерлерінің балалары және Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқан тұлғалардың балалары;

1.Жеке куәлік көшірмесі;

2. Туу туралы куәлік көшірмесі;

3. Ата-анасының Ауған соғысы ардагері екенін және Чернобыль апатына қатысқаны туралы растайтын құжат.

9

Шетелдік студенттер

1. Жеке куәлік көшірмесі;

2.Шетел азаматы екенін растайтын құжаты.

10

Оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген белсенділер және студенттік өзін-өзі басқару мүшелері

1.Алматы қаласында үйі, пәтері жоқ деген анықтама;

2. Әр институт дректорылары қол қойған тізім

(оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген белсенділер)

3.Жастар саясаты орталығының басшысы қол қойған тізім ( студенттік өзін-өзі басқару мүшелері)

 

Қосымша  сұрақтар бойынша

Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі  институт директор орынбасарларына жүгініңіз.

Әлеуметтік санатқа жатпайтын студенттер 1-корпус, 125-кабинетке келіп, резервтік журналға жазылуы қажет!