Құрметті студенттер! Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының Информатика кафедрасы мен  АҚШ-тың Techedify компаниясымен бірлесіп “AI VIBE CODING CHALLENGE DEMO DAY” атты онлайн мини-курс меңгеру нәтижесін қорытындылайтын шара өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің жасанды интеллектті тек дайын жауап алу құралы ретінде емес, нақты цифрлық білім беру өнімін жасау құралы ретінде қолдана алатынын көрсету.

Аталған онлайн мини-курс университетіміз үшін арнайы қазақ тілінде құрастырылып, оның құрамына студенттерге оқу барысында қолдау көрсетуге арналған Teach AI интеллектуалды ассистенті кірістірілді.

Өтетін күні: 14 мамыр

Уақыты: 10:00

Мекенжайы: Гоголь 114/1 көшесі, Қаниев атындағы кітапхананың  конференц залы