Құрметті студенттер!  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелде білім алу үшін бөлінген грант орындарына байланысты жарияланған конкурсқа сәйкес, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне үміткерлер үшін Корей тілі бойынша сұхбаттасу өтеді.

Қатысудың міндетті талаптары:

  • Қажетті құжаттардың толық дайын болуы
  • GPA көрсеткіші 3.5-тен төмен болмауы тиіс
  • Конкурсқа 1 және 2 курс студенттері жіберіледі

·         Корей тілі деңгейін растайтын халықаралық сертификаттың болғаны абзал.

Корей тілі бойынша сұхбаттасу:

Күні: 18 мамыр, 2026 жыл
  Уақыты: 10:00–14:00
 Форматы: оффлайн
 Мекенжайы: Бөгенбай батыр көшесі, 142, 501 кабинет.

Үміткерлер мамандықтарына сәйкес топтарға бөлінеді. Топтарға бөлу туралы ақпарат WhatsApp топтарына жіберіледі. Келген хабарламаларды мұқият қадағалау қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі электрондық поштаға хабарласуларыңызды сұраймыз: international_office@qyzpu.edu.kz