Құрметті студенттер! 2026–2027 оқу жылының күзгі семестрінде Қытай университеттерінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға арналған конкурстың II кезеңі өтеді.
Қатысушыларға қойылатын талаптары:
- Қажетті құжаттардың толық дайын болуы;
- GPA көрсеткіші 3.5-тен төмен болмауы тиіс;
- 1 және 2 курс студенттері үшін.
- ·Үміткердің қытай тілі деңгейі HSK 2 және одан жоғары болғаны жөн.
Қытай тілі бойынша сұхбаттасу:
Күні: 20 мамыр, 2026 жыл
Уақыты: 10:00–14:00
Форматы: оффлайн
Мекенжайы: Бөгенбай батыр көшесі, 142, 501 кабинет.
Үміткерлер мамандықтарына сәйкес топтарға бөлінеді. Топтарға бөлу туралы ақпарат WhatsApp топтарына жіберіледі. Келген хабарламаларды мұқият қадағалауларыңызды сұраймыз.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі электрондық поштаға хабарласа аласыз: international_office@qyzpu.edu.kz
