Құрметті студенттер!  2026–2027 оқу жылының күзгі семестрінде Түркия университеттерінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға арналған конкурстың II кезеңі өтеді.

 Қатысудың міндетті талаптары:

  • Қажетті құжаттардың толық дайын болуы;
  • GPA көрсеткіші 3.5-тен төмен болмауы тиіс;
  • Конкурсқа 1 және 2 курс студенттері жіберіледі.
  • Түрік тілі деңгейі В1 немесе одан жоғары (тіл деңгейін растайтын сертификаттың болғаны абзал)

 Түрік тілі бойынша сұхбаттасу:

Күні: 19 мамыр, 2026 жыл

 Уақыты: 10:00–12:00, 14:00–16:00

 Форматы: оффлайн

Мекенжайы: Бөгенбай батыр көшесі, 142, 501 кабинет.

Үміткерлер мамандықтарына сәйкес топтарға бөлінеді. Топтарға бөлу туралы ақпарат WhatsApp топтарына жіберіледі.WhatsApp-тағы хабарламаларды мұқият қадағалауларыңызды сұраймыз.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі электрондық поштаға хабарласа аласыз: international_office@qyzpu.edu.kz