Құрметті түлектер! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Білім берудегі жасанды интеллект: негіздері мен практикалық қолданылуы» тақырыбында онлайн-семинар өтеді.

Семинардың мақсаты – университет түлектерінің кәсіби өсуіне тұрақты қолдау көрсету, олардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау және білім берудегі заманауи үрдістерді игеруіне ықпал ету.

Шара аясында кәсіби құзыреттілікті дамыту және жасанды интеллект технологияларының әлеуетін саралау мәселелеріне басымдық беріледі.

Өтетін форматы: онлайн

Күні: 21 мамыр,2026 жыл
Уақыты: 15:00

Қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы тіркелу қажет: https://zoom.us/j/92619732738?pwd=5BB64kvn8zPcTLZabS2YLCNizRACfk.1