Құрметті студенттер мен оқытушылар!
QyzPU-да Польша Республикасы Лодзь технологиялық университетінің жетекші ғалымдары Томаш Манецки мен Александр Штыканың қатысуымен ғылыми дәріс өтеді.
Дәріс тақырыбы: «Ғалымның кәсіби жолы: халықаралық гранттар мен беделді ғылыми журналдарға мақала жариялау».
Іс-шараның мақсаты – жас ғалымдардың халықаралық ғылыми ортадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жаһандық гранттық бағдарламаларға өтінім беру ерекшеліктерін түсіндіру және импакт-факторы жоғары халықаралық басылымдарға сапалы мақала жариялау тәжірибесімен бөлісу.
Күні: 26 мамыр, 2026 жыл
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: Гоголь 114/1, Кітапхана, конференц-зал
