Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар!

QyzPU-да University College London (UCL) зерттеушісі, PhD доктор Динара Сұлтанның жетекшілігімен «Зерттеу әдістері» атты курс ұйымдастырылады.

Мақсаты халықаралық академиялық орта талаптарына сәйкес зерттеушілік құзыреттерді дамыту, ғылыми мәдениетті қалыптастыру және сапалы ғылыми зерттеулер жүргізу.

Динара Сұлтан – жоғары білім беру саясаты мен басқаруы саласындағы зерттеуші. Ол білім беру саясатын әзірлеу және реформаларды іске асыру мәселелеріне маманданған. Әртүрлі жоғары білім беру ұйымдарында қызмет атқарып, Орталық Азиядағы адами капиталды дамытуға бағытталған Дүниежүзілік банк жобаларына жетекшілік еткен.

Курс барысында қатысушылар ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректерді жинау және талдау, академиялық жазылым, ғылыми мақалаларды жариялау, сондай-ақ заманауи зерттеу құралдарын тиімді пайдалану бағыттары бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдіреді.

  • Мерзімі: 2026 жылғы 8–27 маусым
  • Уақыты: 10:00–16:00
  • Форматы: Zoom платформасы арқылы онлайн

Курсқа қатысу үшін Google Forms сілтемесі арқылы тіркелу қажет.