QyzPU-да Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің (NEO KZ) ұйымдастыруымен «Жоғары оқу орындары үшін Erasmus+ бағдарламасының мүмкіндіктері: халықаралық ынтымақтастық, академиялық ұтқырлық және жобалық қызмет» тақырыбында ақпараттық іс-шара өтеді.
Жүзден астам елді қамтитын халықаралық бағдарламаның маңызын түсіндіру мақсатында жиынға Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Калабаевна Палуанова арнайы қонақ ретінде қатысады.
Ақпараттық кездесу барысында қатысушыларға Erasmus+ бағдарламасының өзекті мүмкіндіктері мен жоғары оқу орындарына арналған конкурстардың негізгі бағыттары егжей-тегжейлі таныстырылады.
Өтетін күні: 2026 жылғы 3 шілде
Уақыты: 11:00
Мекенжайы: Бөгенбай батыр көшесі, 142,501-конференц-зал
Қатысу үшін алдын ала келесі сілтеме арқылы тіркелулеріңізді сұраймыз: https://clc.li/XVGmL
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласу: Айдана Нұртаза, Erasmus+ Координаторы.
E-mail: nurtaza.a@qyzpu.edu.kz Тел.: +7 775 736 6468
