Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде талапкерлерге арналған 6 айлық және 9 айлық Foundation (дайындық) курстары ашылады.
Курс аясында:
- қазақ тілі;
- орыс тілі;
- ағылшын тілі;
ҰБТ пәндері бойынша дайындық жүргізіледі.
Құжат қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін.
Оқу ақысы:
- 6 айлық курс – 500 000 теңге;
- 9 айлық курс – 600 000 теңге.
Foundation бағдарламасы – жоғары оқу орнына түсуге дайындалуға, тіл деңгейін жетілдіруге және ҰБТ-ға сапалы дайындалуға мүмкіндік береді.
Қажетті құжаттар:
1. Өтініш;
2. Жеке куәлік көшірмесі;
3. Білімі туралы аттестаттың немесе дипломның көшірмесі;
4. 075 -у нысанындағы медициналық анықтама.
Дайындық курсы 1 қазаннан басталады.
Қосымша ақпарат алу үшін Қабылдау комиссиясына хабарласуыңызға болады.
