Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 3 жылдық постдокторантура бағдарламасына конкурстық іріктеу бойынша құжаттар қабылдау басталды.
Жобаның мақсаты – зерттеушілердің кәсіби дамуына жан-жақты жағдай жасау арқылы университеттің ғылыми және кадрлық әлеуетін арттыру. Іс-шаралар аясында жеке жоспарға сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізу, мақалалар жариялау, сондай-ақ ай сайынғы стипендия төлеу қарастырылған.
Конкурсқа ғылыми дәрежесі (PhD, бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе докторы) берілген сәттен бастап 10 жылдан аспаған ғалымдар мен зерттеушілер қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- конкурстық іріктеуге қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- түйіндеме (CV);
- ғылыми дәрежесінің бар екенін растайтын дипломның көшірмесі;
- ғылыми зерттеу жоспары (Research Proposal);
- ғылыми жарияланымдардың, ғылыми еңбектер мен патенттердің тізімі (бар болса);
- біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын портфолио;
- екі ұсыным хат және/немесе мінездеме;
- соңғы бес жылдағы ғылыми және білім беру саласындағы жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса).
Конкурстық іріктеу кезеңдері:
- өтінімдерді қабылдау және алдын ала қарастыру – 20 қыркүйекке дейін;
- өтінімдерді Конкурстық комиссияның қарастыруы– 25 қыркүйекке дейін;
- постдокторантура бағдарламасына қабылдау – 5 қазанға дейін.
Толық ақпаратпен және біліктілік талаптарымен ЕРЕЖЕ таныса аласыз
Құжаттар nauka@qyzpu.edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
