Құрметті студенттер мен мұғалімдер!
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Сассекс университетінің профессоры Марсело Старикоффтың қатысуымен «CPD Workshop for Students and Faculty – The Joy of Not Knowing» атты халықаралық практикалық воркшоп ұйымдастырылады.
Ғылыми-практикалық жиын білім алушылардың бойында креативті, сыни және философиялық ойлау дағдыларын дамытуға, сондай-ақ өмір бойы білім алу мәдениетін қалыптастыруға арналған тиімді педагогикалық стратегияларға бағытталған.
Воркшоп барысында қатысушылар оқытудың озық тәсілдерін меңгеріп, философиялық ойлауды дамыту жолдарын қарастырады және аталған әдістерді практикаға енгізу мүмкіндіктерін талқылайды.
- Күні: 18 қыркүйек, 2026 жыл
- Уақыты: 10:00–11:00
- Өтетін орны: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 142, 3-этаж Акт зал
- Қатысу үшін төмендегі Google Form-ға тіркеліңіз. https://forms.gle/3xUEXrKUAVjV2EeY8
