Құрметті QyzPU 1-курс магистранттары!

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1-курс магистранттарына арналған «Ғылымға алғашқы қадам» тақырыбында ғылыми семинарлар сериясы өтеді.

Іс-шара білім алушыларды ғылыми жұмыспен айналысуда бағыт-бағдар беру, академиялық жазылым негіздерімен таныстыру және зерттеуді дұрыс жоспарлау әдістерін меңгерту мақсатында ұйымдастырылады.

Семинар аясында отандық PhD докторлар, профессорлар және Ұлыбританияның Сассекс университетінен шақырылған шетелдік ғалымдар дәріс оқиды.

Уақыты: 2026 жылғы 15–18 қыркүйек

Өтетін орны: Бөгенбай батыр көшесі, 142, №501 және №305 аудиториялар.