Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Тарих кафедрасының «Жас тарихшы» үйірмесі студенттер арасында «SWEET BOOK – тарихи кітаптар әлемі» атты тарихи кітаптар байқауын өткізеді.

Байқауға университеттің барлық факультеттерінен 10 адамнан құралған студенттік командалар қатыса алады. Қатысушылар ұсынылған 20 тарихи кітаптың бірін таңдап, оның мазмұнын «Креативті тағам», «Жағымды жарнама» және «Қызықты қойылым» бағыттарын қамтитын үш кезең бойынша таныстырады.

Сонымен қатар іс-шара аясында отандық баспалар мен авторлардың қатысуымен кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Байқау туралы ақпарат:

* Өтетін күні: 5 қараша 2026 жыл

* Басталу уақыты: 10:00

* Өтетін орны: №1 оқу ғимаратының акт залы

* Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері

* Өтінімдер мен бейнероликтерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 30 қазанға дейін

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:

Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 99, Бас оқу ғимараты, Тарих кафедрасы, 413-кабинет.

Байланыс телефоны: +7 700 262 1598

E-mail: aygerim.mukan@gmail.com

Байқауға қатысу шарттары мен толық ақпаратты сілтеме арқылы көре аласыз: https://qyzpu.edu.kz/uploads/uploaded_files/pics/21.10.2026/%C2%ABSWEET%20BOOK%20%D0%90%D2%9B%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B%20%20%D1%85%D0%B0%D1%82___1792600171.9713123.pdf