Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050000, Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Комплаенс-маманы бос лауазымына конкурс жариялайды;
Негізгі міндеттер Қоғамның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ескерту және алдын алу құралдарын енгізуді қамтамасыз ету, Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру, Қоғамда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптардың және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету, заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қызметтің мақсаты Қоғамның, оның қызметкерлері мен білім алушылардың ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- бейінді салаларда жоғары білімнің болуы – экономика, қаржы, құқықтану немесе бизнес-функциямен байланысты басқа да сабақтас бағыт;
- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының көптеген элементтерін жүзеге асыруды көздейтін немесе заңда көрсетілген комплаенс функциясын іске асыруда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласында сертификаттың болуы;
- ұйымдастырушылық және аналитикалық қабілеттері мен дағдыларының болуы;
- Қоғам қызметінің ерекшелігін білу;
- корпоративтік басқару, ішкі бақылау, алаяқтық және мүдделер қақтығысы тәуекелдерін басқару жүйелері саласындағы, сондай-ақ тексеру іс-шараларын (ішкі және сыртқы аудит, қызметтік тексерулер және т.б.) жүргізу саласындағы халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды білу;
- ҚР заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша, Қоғамға қойылатын реттеушілік талаптар саласында білу;
- Тиімді коммуникациялар үшін жеткілікті деңгейде мемлекеттік тілді, сондай-ақ ағылшын тілін меңгеруі;
- ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеудегі тәжірибе мен дағдылар, норма шығарудағы тәжірибе;
- оқыту және тренингтер өткізу дағдылары;
- магистр немесе PhD дәрежесінің болғаны жөн;
- комплаенс саласында халықаралық үлгідегі сертификаттың («Ica International Diploma in Governance Risk and Compliance» немесе біліктілік емтиханын тапсыруды көздейтін комплаенс саласындағы халықаралық және ұлттық кәсіби ұйымдар беретін жоғары деңгейдегі ұқсас сертификаттардың) болғаны жөн.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:
1) бұрын сыбайлыс жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;
2) белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
3) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар төмендегі құжаттарды электронды және қағаз түрінде ұсынады (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде):
1) кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты;
2) туған жылы;
3) білімі, диплом (дипломдар) бойынша мамандығы, біліктілігін арттыру және кәсіптік қайта даярлау туралы мәліметтер;
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша курстардан өткені туралы сертификат;
5) ұқсас лауазымдағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер;
6) кандидаттың Қоғамның Комплаенс-маманын қызметке тағайындау туралы жазбаша өтініші.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ Корпоративтік хатшыға: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 142/1 (каб.306) тапсыру қажет, телефоны: 8 (702)-266-17-46, e-mail: abikulova.a@qyzpu.edu.kz
