Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті студенттерді, профессор-оқытушылар құрамын және әкімшілік қызметкерлерді Erasmus+ ICM (EMIC) жобасы аясында академиялық ұтқырлыққа өтінім қабылдаудың 4-кезеңіне қатысуға шақырады.

Бұл – 2026–2027 оқу жылының екінші семестріне арналған соңғы өтінім қабылдау кезеңі.

Бағдарлама аясында серіктес жоғары оқу орындарында білім алу мен кәсіби тәжірибе алмасу мүмкіндігі ұсынылады, ал бөлінетін гранттар мен стипендиялар саны мамандықтар мен бекітілген критерийлерге сәйкес белгіленеді.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 8 қараша.

Бағдарлама шарттары, қолжетімді бағыттар мен «Guide for Applicants 4th Call 2026–2027» нұсқаулығы ресми сайтта қолжетімді: https://www.univ-perp.fr/emic

Қосымша ақпарат пен сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаментіне, EMIC жобасы бойынша үйлестіруші Айдана Нұртазаға хабарласуға болады: nurtaza.a@qyzpu.edu.kz.