QyzPU Ғылым департаменті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жас ғалым» және Жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру (КМУ) конкурстарына өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлеріне арналған конкурстарға қатысу және өтінімдерді дайындау бойынша ақпараттық-түсіндіру 21 қазаннан  бастап семинарлар сериясы  өткізіледі.

Семинарда қарастырылатын негізгі мәселелер:

  • Конкурстарға қатысудың негізгі шарттары мен біліктілік талаптары;
  • Қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі;
  • Конкурстық құжаттама талаптары және өтінімді рәсімдеу тәртібі;
  • Ғылыми жобаны сапалы дайындау мен өтінім беру кезіндегі маңызды аспектілер.

 Ғылыми жобаларға қатысуға ниет білдіруші барша әріптестерді семинарға қатысуға шақырамыз!

Конкурстық өтінімдер ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетіне ғылыми жетекшінің және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық нысанда «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы мына https://is.ncste.kz/  сілтеме бойынша ұсынылады.