Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Наргиза Смаиловна Балтабаева әзірлеген «Қазақ балалар әдебиеті» курсы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мақұлдауынан өтіп, халықаралық Coursera платформасына орналастырылды.
Курс қазақ балалар әдебиетінің тарихи кезеңдерін, халық ауыз әдебиеті үлгілерін, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы және басқа да көрнекті қаламгерлердің балаларға арналған шығармаларын зерделеуге бағытталған.
Сонымен қатар курста балалар әдебиетінің қазіргі даму бағыттары, әлем халықтарының балалар әдебиеті, көркем шығармаларды оқытуда заманауи педагогикалық технологиялар мен цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері қарастырылады.
Курсты әзірлеу және Coursera платформасына орналастыру барысында жобаның серіктесі BMG UpSkill компаниясы техникалық және консультациялық қолдау көрсетті.
