Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Халықаралық ынтымақтастық бөлімі Нийде Өмер Халисдемир университетінде (Niğde Ömer Halisdemir University, Нийде қ., Түркия) 1 семестр оқу үшін Erasmus+ KA171 академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
1. Оқыту бағыттары:
Педагогикалық және әлеуметтік ғылымдар (Educational or social sciences);
Инженерлік ғылымдар (Engineering fields).
2. Қаржылай қолдау және шарттар:
Айлық стипендия: айына 800 еуро (4 айға 3 200 еуро);
Жол шығыны гранты: 395 еуро;
Грант төлеу: қатысушы Нийде қаласына барғаннан кейін тиісті келісімшарт жасалған соң жүзеге асырылады;
Тұратын жер: жатақхана орынын қабылдаушы университет бос орындардың болуына байланысты брондайды.
3. Кандидаттарға қойылатын талаптар:
Минималды GPA: кемінде 3.00 / 4.00;
Тілдік деңгей: ағылшын немесе түрік тілдері бойынша В1 деңгейінен кем емес расталған сертификат.
4. Қажетті құжаттар:
Толтырылған өтініш формасы (Application Form);
Официалды академиялық транскрипт (GPA 3.00-ден төмен емес);
Ағылшын немесе түрік тілінен В1 деңгейінен кем емес сертификат;
Шетелдік паспорт көшірмесі.
5. Өтінім беру мерзімі: 27 қазанға дейін.
6. Байланыс ақпараты:
Erasmus+ координаторы: Айдана НҰРТАЗА
E-mail: nurtaza.a@qyzpu.edu.kz