Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің кампусында академиялық құрам мен студенттер үшін тілдік құзыреттерді арттырып, екі ел арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған тегін түрік тілі курстары ұйымдастырылады.

 А1 деңгейіндегі сабақтар 4 қарашадан басталып, желтоқсан айының аяғына дейін дүйсенбі және сәрсенбі күндері сағат 18:00–20:00 аралығында Бөгенбай батыр көшесі, 142 мекенжайындағы 5-қабаттың 501-дәріс залында өтеді.

Дәрістерді Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен Чукурова университетінен келген волонтер оқытушы Неслихан Делиже жүргізеді.

 Қатысушылардың өз қаражаты есебінен алынатын оқу материалдарының жалпы құны 15 000 теңгені құрайды және курсқа келген соң тіркеліп, тапсырыс арқылы қамтамасыз етіледі.

 Қосымша ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас маманы Нұртаза Айдана Нұралықызынан (электрондық пошта: nurtaza.a@qyzpu.edu.kz) алуға болады.

Тіркелу үшін сілтемеге өтіңіз: : Түрік тілі курсына тіркелу парағы

Ерекше мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!