Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру мен психологиялық әл-ауқат мәселелеріне арналған ашық дәріс өтеді.

Дәрісті Германиядағы Берлин еркін университетінің профессоры, доктор хабилитат Кристиан Людвиг оқиды.

Кездесу барысында жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде қолдану, позитивті психологияның мүмкіндіктері, оқу мотивациясы, психологиялық әл-ауқат пен тұлғалық дамудың маңызы талқыланады. Сонымен қатар цифрлық технологияларды адам әлеуетін дамытуға тиімді пайдалану жолдары қарастырылады.

Күні мен уақыты: 2026 жылғы 17 қараша, сағат 15:00.

Өтетін орны: Конференц-зал, Гоголь көшесі, 114/8.

Дәріс тілі: ағылшын тілі (қазақ тіліне аудармамен).