АЛМАТЫ. 23 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Елбасының студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға қатысты бес әлеуметтік бастамасының үштен бірін іске асыру шеңберінде 2023 жылдың соңына дейін «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) білім алушыларын 1000 төсек-орынмен қамтамасыз ету жоспарланған.

Жоспарды нақты іске асыру мақсатында Қоғам жатақхана құрылысын жүргізуге конкурс жариялайды.

Нысаналы мақсаты – оқу кезеңінде студенттердің, магистранттардың және докторанттардың тұруына арналған.

Қабат саны – 9 қабат.

Орналасқан жері – Алматы қаласы, Гоголь көшесі/Сейфуллин даңғылы/Әйтеке би көшесі/Масанчи көшесі 112,114,116/511,513/99А,111/1/, 202-22, 24 үйлер (Алмалы ауданы).

Кәсіпкерлер/жеткізушілер 24.12.2021 жылға дейін өтініш береді және олардың жатақханалар құрылысына арналған жобалары қарастырылады.

Объектілердің құрылысы өз қаражаты есебінен жүргізіледі.

Пайдалануға берілгеннен кейін олар студенттерді орналастыруға мемлекеттік тапсырыс алады – нақты саны бойынша.

Егер жатақхана салынса, мемлекеттік тапсырыс мөлшері жылына бір студентке 122 АЕК-ті құрайды.

Төлем мерзімі – 8 (сегіз жыл).

Конкурс туралы толық білгіңіз келсе мына телефон нөміріне хабарласыңыз: +7 (727) 237 00 57

  Коммуникация және маркетинг департаменті

   Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

  e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz