•  

    МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

    1970 жылдары Қазақстан мектептерінде жоғары білікті педагог кадрлардың тапшылығы өткір сезілді.

    1971 жылы Қазақ әйелдер педагогикалық институтында «Педагогика және психология (мектепке дейінгі)» мамандығы ашылды. Филология факультетінде мектепке дейінгі педагогика кафедрасы құрылды.

    1990 жылы «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы ашылды. Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру саласында педагог кадрларды даярлау жүйесінің қалыптасуы мен дамуына К. А. Аймагамбетова, Б. Ж. Жаришева, А. К. Меңжанова, К. М. Мендаяхова, О. П. Кереева, И. Б. Исламкулова, Ж. И. Идрисова, Т. А. Левченко, М. Т. Түрскелдина, Д. И. Идрисова, С. Б. Аханова, С. Н. Сартбаева, А. А. Сарсенбаева, А. Бейсеитова, С. К. Исаева және басқа да ғалымдар елеулі үлес қосты.

    Мектепке дейінгі білім берудің дамуына Ж. А. Исмаилова, А. С. Амирова, С. Н. Жиенбаева, Б.О.Арзанбаева, Ғ. З. Таубаева, А. Т. Искакова, Ф. Н. Жұмабекова және басқа да ғалымдар ерекше үлес қосты. Олар көптеген жылдар бойы университетте еңбек етіп, мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен практикасының дамуына елеулі үлес қосты.

    «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 10 тамыздағы шешімі (№ 4 хаттама) негізінде және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 45-бабына сәйкес Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы екі кафедраға: «Мектепке дейінгі білім беру» және «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» кафедраларына бөлінді.

    «Мектепке дейінгі білім беру» кафедрасының алғашқы бағдарлама көшбасшысы педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы А.М. Жубандыкова болды. 01.09.2026 жыл бастан Педагогика және психология факультетінің деканы атанды.

    Қазіргі уақытта «Мектепке дейінгі білім беру» кафедрасының меңгерушісі – PhD, профессор міндетін атқарушы А. М. Байкулова.

    Жетістіктер мен марапаттар:

    • 6В01-7М01-8D01 – Педагогикалық ғылымдар  012 – Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы бағыты бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жанындағы ОӘБ-ЖБТ-ның құрамында жұмыс атқарады.
    • 6В01201 - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» білім беру бағдарламасы «Атамекен» ҚР ҰҚП-ның ЖОО-ның оқу бағдарламалар рейтингісі бойынша 2019-2021 жылы топ - 10 орынға ие болған (https://atameken.kz/kk/services/44-rejting-obrazovatel-nyh-programm-vuzov);
    • 2022-2023 жылдың қорытындысы бойынша 4 орынды иеленді (https://atameken.kz/ru/university_ratings?year=2022);
    • 7M01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы 2020 жылдан бастап IAAR және IQAA ұлттық рейтингісінің қорытындысы бойынша 1 орынды иеленіп келеді (https://iaar.agency/rating/1/0/2023) ;   
    • 2021 жылы 6В012 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы халықаралық ACQUIN (Германия) аккредиттеу агенттігінен 27.09.2021 бастап 30.09.2027 жылға дейін  аккредиттеуден өтті ( https://qyzpu.edu.kz/ru/);
    • 2021 жылдан бастап 6В01202-Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі және логопеді  инновациялық білім беру бағдарламасы енгізілді.
    • 2024 жылы IAAR институционалдық аккредиттеуі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігімен (IAAR) 5 жыл мерзімге аккредиттелген.

    Кафедра профессор-оқытушыларының жетістіктері:

    • 2018  жылдың  «ЖОО-ның үздік оқытушысы» иегері болып профессор м.а. А.М.Жубандыкова атанды;
    • 2023 жылы қысқа мерзімді біліктілікті көтеру курсының «Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің экспертизасынан сәтті өтті.
    • 2024  жылдың  «ЖОО-ның үздік оқытушысы» иегері болып профессор м.а. А.М.Байкулова атанды;

    Кафедраның халықаралық байланыстары: Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті 58-ден астам шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастық орнатады және дамытады. https://kazmkpu.kz/kz/zarubezhnie-vuzi-partneri

    Келісімдер студенттер мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық, қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді оқыту, жетекші ғалымдардың қонақ дәрістерін, сонымен қатар шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы бойынша PhD докторанттары мен магистранттарын шақыру, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу т.б. мәселелерін қарастырады. Қазіргі уақытта кафедра ғылыми педагогикалық құрамы АҚШ-тың Мичиган Штаты университеті (MSU), АҚШ-тың Миссисипи университеті, Ұлыбританиядағы Сассекс университеті т.б. халықаралық байланыстарды белсенді түрде дамытуда.  Жыл сайын кафедраға тәжірибе алмасу мақсатында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелден дәріс оқуға және ғылыми семинарларға қатысуға белгілі ғалымдар шақыртылып отырады.

    Мысалы:

    • 2023 жылдың қазан айында АҚШ-тың Мичиган Штаты университеті (MSU) профессоры Дугласс Хартман;
    • 2023 жылы қазан айында Назарбаев университетінің қауымдастырылған профессоры Даниель Торано;
    • 2023 жылы қараша айында  Венгрияның Дебрецен университетінің профессоры Анико Варгон;
    •  2023 жылдың қараша айында Кембридж университетінің түлегі, білім саласының белгілі  британдық зерттеушісі доктор Томас Харриотт.
    • 2025 жылдың ақпан айында Сассекс университетінің ассистент – профессоры Marcelo Staricoff
    • 2025 жылдың қазан айында АҚШ-тың Мичиган Штаты университеті (MSU) профессоры Дугласс Хартман;
    • 2026 жылдың ақпан айында Йедитепе университетінің өкілі Asst.Prof.Dr. Selcuk Turkmen

    Сонымен қатар кафедра профессор-оқытушылары шетелдерде ғылыми тағылымдамадан өтіп отырады:

    7M01201 - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша 2023 жылы Нийде Өмер Халисдемир Университетінде (Түркия Республикасы) тағылымдамадан төмендегі магистранттар өтіп келді:

    • Ерзат Жанбота
    • Баймуратова Тазагуль
    • Бөрібай Гүлсәрі

    Миссисипи алқабы мемлекеттік университетімен жасасқан келісімшарт негізінде 7М01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының магистранты Де Элина 2018-2019 оқу жылында қос дипломды бағдарлама бойынша оқып, қазіргі таңда аталған университетте оқытушы болып қызмет етеді.

    7M01201 - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша University of Debrecen, Венгрия, Дебрецен қаласында 2025 – 2026 оқу жылында 6 айға тағылымдамадан өтіп келді

    • Тойлыбаева Ақжібек Жарқынбекқызы
    • Серік Ару Серікқызы
    • Қырықбай Шұғыла Исланбекқызы

    2026 жылы 6Б01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу БББ:

    1. Түркия, Нийде қаласы, Нийде Өмер Халисдемир университеті
    • Мырзалиева Мерей Мейрамбекқызы
    • Тастанбек Зарина Мұратқызы
    1. Түркия, Невшехир қаласы, Nevşehir Hacı Bektaş Veli Üniversitesi  (Невшехир Хаджи Бекташ Вели Университеті)
    • Джұмаддин Баянсулу Айбекқызы
    1. Түркия, Самсун қаласы, Ondokuz Mayıs Üniversitesi
    • Райымжан Нұрай Есболқызы

    Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша:

    • 2021-2022 оқу жылы ішкі академиялық ұтқырлықты іске асыру мақсатында кафедра профессор м.а. А.М.Жубандыкова  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде дәріс оқып келді.
    • 2024 - 2025 оқу жылында  ішкі академиялық ұтқырлықты іске асыру мақсатында кафедра аға оқытушысы Серікова О.С. Қорқытата атындағы Қызылорда университетіне дәріс оқыды.
    • 2025 - 2026 оқу жылында  ішкі академиялық ұтқырлықты іске асыру мақсатында кафедра профессор м.а. А.М.Жубандыкова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде дәріс оқыды.

    6В01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлықпен келіп оқыған студенттер:

    • Базарбай Жанерке Темірбайқызы - Е.Букетов атындағы Қарағанды университеті, 3 курс, 6 семестр (2017-2018 жж);
    • Балғабаева Назерке Балғабайқызы - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті-3 курс, 6 семестр (2017-2018 жж.);
    • Жанабергенова Улан Нуртугановна - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті - 3 курс, 6 семестр (2017-2018 жж.);
    • Жәниет Нұргүл Бағдаулетқызы - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті - 3 курс, 6 семестр (2017-2018 жж.);
    • Қаппар Сымбат Сейораллақызы - Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті - 3 курс, 6 семестр (2022-2023 жж.);
    • Темирбекқызы Батима - Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті - 2 курс, 4 семестр (2022-2023 жж.);
    • Болатханова Асель Канатовна - Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті- 2 курс, 4 семестр (2017-2018 жж.);
    • Құралбай  Жазира  Нуржанқызы - Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті - 2 курс, 4 семестр (2017-2018 жж.);
    • Кенжебек Жансая - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 3 курс студенті, 3 курс 6 семестр (2022 - 2023 ж.ж. )

    Кафедраның ғылыми әлеуеті 57,89 % құрайды:

    • п.ғ.к., профессор м.а. – 2;
    • п.ғ.к, доцент – 4;
    • п.ғ.к, аға оқытушы – 1
    • PhD, қауымд.профессор м.а. – 1;
    • PhD, профессор м.а.  – 1;
    • PhD, аға оқытушы – 2;
    • п.ғ.м., аға оқытушы - 4
    • п.ғ.м., оқытушы – 4

    Кафедрада профессорлық-оқытушылар құрамының жарық көрген монография, оқулық және әдістемелік құралдары:

    • Жубандыкова А.М., Жексембаева Ж.Р. «Бастауыш сынып оқушыларының құндылық бағдарын қалыптастыру әдістемесі (өлкетану іс-әрекеті негізінде)» Монография, Алматы: ОНОН(10.04.2022-186 б.);
    • Критериалды бағалау технологиясы (Оқулық)-Алматы «Kemel Kitap» баспасы, 2023-309 б;
    • Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі (оқу құралы)- ИП «Ашикбаева», Алматы, 2018 - 344 б.;
    • 6В012  Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы  бағыты бойынша «Theory and methods of developing preschool children’s  fine arts» (оқу құралы- IP Ashikbaeva -  p. 122 – 300  тираж (ағылшын тілінде). Алматы – 2019-  ISBN 978-601-224-929-3;
    • Criteria assessment in primary school Tutor (оқу құралы) Almaty, 2020 - 141 pages.С.Н.Жиенбаева, Л.Е.Агеева, А.М.Текесбаева «Біліктілік дипломдық жобаларын іске асыру» (оқу құралы), Алматы 2020;
    • Т.А. Левченоко, Л.Е.Агеева, Е.Н. Агранович «Педагогикалық мамандықтар магистранттарының зерттеу қызметі» (оқу құралы);
    • Асилбаева Ф.Б. «Сұлтан Бейбарыс» 57 жастағы балаларға арналған КОМИКС-журналы;
    • Левченко Т.А., Жубандыкова А.М. «Теория и методика изобразительного творчества детей дошкольного возраста», 2014 ж.;
    • К.Метербаеваның «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі практикумымен» (оқулық), 2023 ж;
    • А.М. Жубандыкова, Н.С. Балтабаева, А.М.Балажанова - 012 – Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы бағыты бойынша «Көркем әдебиет әдістемесі практикумы» (оқулық).
    • Метербаева Кулбаршын Метербаевна, Искакова Айгуль Толеутаевна, Нурбекова Салтанат Молотовна 012 – Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы бағыты бойынша «Workshop on methods of speech development (Тextbook)». Байкулова А.М.,  Метербаева К.М. «Математика негіздері практикумы» (оқулық), 2024 ж
    Қадрлық құрам

    Жүктеу...

    Байланыс ақпараттары