Кафедра туралы
Кафедра 1992 жылы “Информатика және есептеу техникасы” деген атпен құрылған. Алғашқы кафедраны 1992-1998 жылдар аралығында тех.ғ.д., профессор Баймахан Рысбек Баймаханұлы басқарған. Кафедраларды ірілендіруге байланысты 1996-2000 жылдары аралығында ол “Математика және информатика”, ал 2000-2007 жылдары “Информатика” кафедрасы деп аталған. 2007 жылы ҚазМемҚызПИ құрылымына өзгеріс енгізу туралы бұйрығына сәйкес (№109, 24.08.2007ж.) кафедраның аты “Информатика және қолданбалы математика” кафедрасы болып өзгертілді. Кафедраны 1998-2001 жылдары тех.ғ.д., профессор Есқалиев Мұрат Есқалиұлы, 2001-2002 жылдары тех.ғ.к., доцент Бөрібаев Бақыт Бөрібайұлы, 2002-2005 жылдары п.ғ.д., профессор Кеңесбаев Серік Мұқтарұлы 2005-2019 жылдары тех.ғ.к., профессор Салгараева Гульназ Ибрагимовна басқарды. 2019-2020 жылдар аралығында кафедраның бағдарлама көшбасшысы қызметін п.ғ.м., аға оқытушы Илиясова Гүлаим Болатбекқызы атқарды. 2020-2022 жылдар аралығында кафедраның бағдарлама көшбасшысы қызметін қауымдастырылған профессор м.а., ғылым кандидаты Бостанов Бектас Ғаниевич атқарды. 2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедраның бағдарлама көшбасшысы қызметін п.ғ.к., аға оқытушы Онгарбаева Алия Дуйсенгалиевна атқаруда.
Информатика және қолданбалы математика кафедрасы 2011-2016 жылдары университеттік рейтинг нәтижесі бойынша 1- орын алып, университеттің «ҮЗДІК КАФЕДРАСЫ» атағына ие болған. Сонымен, қатар кафедраға қарасты 5В011100-Информатика мамандығы Республика көлеміндегі жоғары оқу орындары арасында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жасаған нәтижесі бойынша 2015 жылы 2-орын, 2016-2018 жылдары 1-орынды иеленген, 6В01506-Информатика мамандығы 2019 жылы 1-орынды иеленді. Бүгінде кафедрада Р.Б.Баймахан, С.Ә.Исаев, Г.И.Салғараева, А.Е.Сағымбаева, Н.Құрманбекқызы сынды «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» республикалық байқауының жүлдегерлері жұмыс істейді. Кафедра профессоры С.Ә.Исаев Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен, профессор Р.Б.Баймахан ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, профессорлар М.Е.Есқалиев пен Г.И.Салғараева ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған, С.Ә.Исаев және Г.И.Салғараева Қыздар университетінің «Ұлағат» алтын белгісінің иегерлері. 2019 жылы Г.И.Салғараеваға еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және әкімшілік басқарудағы нәтижелі ерен еңбегі үшін Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының «Үздік менеджері» атағы берілді және төсбелгісімен марапатталды.2020 жылы қазан айында Университеттің дамуына қосқан зор үлесі мен маман даярлауда сіңірген елеулі еңбегі үшін, алғыс хатпен аға оқытушы Маметжанова Н.Х, Рсалина Л.А және оқытушы Масимгазиева А.А марапатталды. 2020 ж, желтоқсан айында «Цифрлы волонтер» алғыс хатпен аға оқытушы Маметжанова Н.Х, Базаева Ж.Б, Рсалина Л.А және оқытушы Маханова А.С, Масимгазиева А.А. марапатталды. 2021 жылы Тех.ғ.к., профессор Салгараева Г.И. ҚР-ның жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Білім және Ғылым министрі А.Аймағамбетовтың алғыс хатымен марапатталды. Ф.-м.ғ.к., профессор Исаев С.А. «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Мекебаев Н.О. «ҚР-ның жоғары білім беру жүйесінде жас мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін» Білім және Ғылым министрінің Алғысымен марапатталды. Аға оқытушы Маметжанова Н.Х., Рсалина Л.А., Масимгазиева А.А. «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырылған тәуелсіз мемлекеттер достастығының ғылыми білім беру мекемелер арасындағы «Білім берудегі үздіктер - 2021» конкурсына қатысып, 1-орын дипломмен марапатталды. Оқытушы Алимбаева Ж.Д. «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырылған тәуелсіз мемлекеттер достастығының ғылыми білім беру мекемелер арасындағы «1 Халықаралық кітап басылымы» «Білім берудегі үздіктер - 2021» конкурсына қатысып, 1-орын дипломмен марапатталды. Тех.ғ.к., профессор Салгараева Г.И. 2021 жылы Болашақ стипендиасын жеңіп алды. Оқытушы Айнабек Ж.Д., Орынбай Ж.С. «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырылған тәуелсіз мемлекеттер достастығының ғылыми білім беру мекемелер арасындағы «1 Халықаралық кітап басылымы» «Білім берудегі үздіктер - 2022» конкурсына қатысып, 2-орын дипломмен марапатталды. П.ғ.к., қауымдастырылған профессор Қатаев Н.С. және аға оқытушы Рсалина Л.А. 2022 жылы Болашақ степендиатын жеңіп алды. 2023 жылы Тех.ғ.к., профессор Салгараеваны Г.И. ҚР-ның Білім және ғылым министрі С.Нұрбек «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Аға оқытушы Орынтаева Ж.А. ҚР-ның Білім және ғылым министрі С.Нұрбек Алғыс хатпен және де «Білім және ғылым Қызметкерлерінің кәсіподағына Сіңірген еңбегі үшін» Төсбелгісімен марапатталды. П.ғ.д., профессор Кенесбаев С.М. және Ф-м.ғ.к., доцент Исаев С.А., аға оқытушы Бекежанова А.А., Суранчиева З.Т. Университеттің 70 жылдығына арналған Алғыс хатпен марапатталды. Аға оқытушы Масимгазиева А.А. және де Суранчиева З.Т. Болашақ степендиясын жеңіп алды.
Кафедра әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу мақсатында халықаралық байланыстарды белсенді түрде дамытуда. Қазіргі уақытта кафедра ғылыми педагогикалық құрамы Канаданың Альберта университеті, Ұлыбританиядағы Лондон менеджмент және ғылым академиясы, Түркияның Нигде университеті, Польшаның Силез университеті, АҚШ-тың Миссисипи университеті, Жапонияның Ямагучи университеті, Латвия Республикасының Рига техникалық университеті ғалымдарымен бірлесіп жұмыс жасауда.
Шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен жұмыс жасаудағы негізгі бағыттар – бұл кафедраның ғылыми-педагогикалық құрамының біліктілігін көтеру, академиялық алмасу бағдарламасы бойынша студент және оқытушы алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және ортақ халықаралық конференциялар ұйымдастыру болып табылады. Жыл сайын кафедраға тәжірибе алмасу мақсатында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелден дәріс оқуға және ғылыми семинарларға қатысуға белгілі ғалымдар шақыртылып отырады. Мысалы,
- 2012 жылдың сәуір айында Польшаның Краков педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Клякля Мачей;
- 2012 жылдың қазан айында Канаданың Альберто университетінің профессоры Дэйв Чан;
- 2014 жылы қараша айында Түркияның Нигде университетінің профессоры Мұрат Алп;
- 2018 жылы қараша айында Жапония мемлекеті Ямагучи университетінің профессоры Хиодо Масаюки;
- 2019 жылы қараша-желтоқсан айларындаЛатвия Республикасы, Рига техникалық университетінің профессоры, инженерлік ғылымдар докторы Чайко Елена Валерьевна академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттерге дәріс оқуға арнайы шақыртумен университетімізге келіп қайтты.
- 2021 жылы Қараша айында Рига техникалық университетінің профессоры, PhD Чайко Е.В.: «Преимущества и недостатки новых технологии в образовании» атты вебинары өтті.
- 2022 жылы қараша-желтоқсан айларында Словакия мемлекеті, Братиславадағы экономикалық университетінің ассоц.профессор, PhD Култан Ярослав кафедрамыздың магистрант және докторанттарына дәріс оқыды.
- 2023 жылы қараша- желтоқсан айларында Латвия мемлекеті ISMA Қолданбалы ғылымдар университетінің профессор, PhD Чайко Елена Валерьевна 30 сағат- лекция, 15 сағат- семинар, 72 сағаттық мастер-класс өтті.
- 2023 жылы қараша айында Словакия мемлекеті, Братиславадағы экономикалық университетінің ассоц.профессор, PhD Култан Ярослав «Білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері» атты дәріс оқыды.
Лондонның менеджмент және ғылымдар академиясымен жасалған келісімшарт негізінде 2013-2014 оқу жылында 6В01506-Информатика мамандығының 5 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Лондонда білім алып келді, ал 2014-2015 оқу жылында олардың 4-і аталған оқу орнында қос дипломды бағдарлама бойынша білім алып, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің және Лондон менеджмент және ғылымдар академиясының дипломдарына ие болды. Катовицадағы Силез университетімен жасалған келісімшарт негізінде 2015-2016 оқу жылының бірінші семестрінде 6В01506-Информатика мамандығының 6 студенті және 6В01506-Информатика мамандығының 1 студенті Польша мемлекетінде білім алды. Миссисипи алқабы мемлекеттік университетімен жасасқан келісімшарт негізінде 7М01503-Информатика мамандығының магистранты Сабит Ботакөз 2014-2015 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша АҚШ-та білім алып келді және 2015-2016 оқу жылында қос дипломды бағдарлама бойынша аталмыш жоғары оқу орнында білімін жалғастырып, қос диплом иегері болды. 2018-2019 оқу жылының қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Лондон қаласындағы Батыс халықаралық колледжімен (Western International College, Англия) жасалған келісімшарт негізінде Информатика мамандығының 10 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша аталған колледжде білім алды.
2021-2022 оқу жылының қыркүйек-ақпан айларында Латвия мемлекеті Рига қаласындағы ISMA университетіне кафедрамыздың 5 студенттері атап айтсақ Естөре А, Жайбергенова Г, Жұмабекова Ж, Сыдықжан І, Ізбасарова М. академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды.
2023-2024 оқу жылының қыркүйек-ақпан айларында Латвия мемлекеті Рига қаласындағы ISMA университетіне кафедрамыздың 4 студенттері атап айтсақ Аяжан А, Муслимова Р, Зейнетула А, Тұрсынқызы А. академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып қайтты.
Информатика және қолданбалы математика кафедрасының миссиясы – бұл заманауи ақпараттық технологиялар мен педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерін, ғылыми жетістіктерін білім беруде пайдалана алатын, нарық экономикасы сұранысына сай, ізденімпаз жоғары білімді информатика мұғалімдері мен оқытушыларын, ІТ мамандарын, сонымен қатар информатика бағытындағы магистрлерді, докторанттарды даярлау болып табылады.