Химия кафедрасы
-
Кафедра туралы
Институт 1956-1957 оқу жылында химия мамандығы бойынша студенттер қабылдап, 1959-1960 оқу жылынан бастап биология, география кафедраларымен бірге, б.ғ.к., доцент Түркіменбай Таубаевтың басшылығымен химия кафедрасы жұмыс істей бастады. 1961 жылдың 14 сәуірдің №136 бұйрығымен химия кафедрасы өз алдына жеке кафедра болып ұйымдастырылды және оның ашылуына ҚР ҰҒА академигі Шарбан Батталова, доцент Сәнду Дұймағамбетова және институт басшылығы атсалысқан.
Химия кафедрасын мына азаматтар басқарған:
- Жақыпова Аргуня Жақыпқызы (1920-1997) 1964-1974 жылдарында
- Қамбаров Қайсар Нығметұлы (1935-1996) 1974-1984 жылдарында
- Юсупова Ардақ Бейсенқұловна 1984-1989 жылдарында
- Қожабеков Серік Самсалиевич 1989-1995 жылдарында
- Есжанова Патшайым Рустембековна 1995-1999 жылдарында
- Жексембиев Рысман Қоңырұлы 1999-2003 жылдарында
- Жайлау Сандыбай Жайлауұлы 2003 – 2007 жылдарында
- 2007 -2013 жылдары, Химия кафедрасын х.ғ.д., профессор М.М.Матаев басқарды.
- 2013 жылдың қыркүйегінен бастап х.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Мырзахметова Нурбала Оразымбековна басқаруда.
Химия кафедрасында 4 ғылым докторы, 2 PhD докторлар, 7 ғылым кандидаттары, 6 магистрлер қызмет атқаруда.
Миссиясы
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Халықаралық ынтымақтастық
Білім беру бағдарламалары
Қадрлық құрамЖүктеу...
Байланыстар
-
Алматы қаласы, Гоголь көшесі 161,
№2 оқу ғимараты,3-қабат, 307 кабинет. -