• Кафедра туралы

    Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы ─ филология институтының ең ежелгі және болашағы зор құрылымдық бөлімшелерінің бірі.

    Кафедра 1944 жылы алғашқылардың бірі болып құрылды. Осы жылдары кафедраны республикадағы танымал филологтар басқарды: Л.А. Федулова, К.Ш. Қанафиева, З.А. Ахметов, Х.У. Ишанов, Д.Тұрсынов, Н.Джуанышбеков, Г.Н. Садықов. 1998-2004 жылдар аралығында көрнекті оқытушы және ғалым Жұмагулова Валентина Ивановна кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

    Қазіргі уақытта кафедраны филология ғылымдарының кандидаты Элеонора Мирзагаевна Ханкишиева басқарады.

    Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы өзекті мәселелерін зерттейтін жоғары білікті мамандардан, ғалымдардан, филологтардан тұрады.

    Миссия мен Халықаралық ынтымақтастық

    Түлектер келесі кәсіби қызметті жүзеге асыра алады:

    • білім беру (педагогикалық) ─ орта білім беру мектептерінде, орта арнаулы оқу орындарында, кәсіптік-техникалық училищелерде, сондай-ақ басқа типтегі және формадағы оқу орындарында, әртүрлі оқу курстарында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
    • эксперименттік зерттеулер ─ оқытушы-зерттеуші, әртүрлі қорлар мен жобалардың қызметкері ретінде;
    • ұйымдастырушылық және басқарушылық ─ мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдарда әр түрлі деңгейдің басшысы ретінде;
    • редакциялық ─ баспаның редакторы;
    • диктор ─ БАҚ қызметкерлері ретінде.
    Қадрлық құрам

    Жүктеу...