Қазақ тіл білімінің теориясы және әдістемесі кафедрасы

  • Кафедра туралы

    «Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасы – тағылымға толы тарихы бар, іргелі кафедралардың бірі. Алғаш «Тілдер кафедрасы» деп аталатын бұл кафедрадан 1946 жылдары Орыс тілі, Қазақ тілі, Орыс және шетел әдебиеті, Шет тілі кафедралары бөлініп шықты.

    Кафедрада қазақ тіл білімі мен түркі тануда есімдері танымал профессорлар Ә.Марғұлан, Н.Т.Сауранбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов, Т.Қордабаев, А.Төлеуов, Ә.Құрышжанұлы, Ғ.Айдаров, Ғ.Мадина, М.Дүйсебаева, Х.Қожахметова, Р.Сыздық, З.Бейсембаева, Р.Шойбековсынды ғалымдар еңбек еткен.

    Кафедраны әр жылдары академик Н.Сауранбаев (1947-1948), проф. А.Ысқақов (1948-1949), Г,Л.Мадина, С.Исаев, Ә.Аблақов,  Б.Хасанұлы, Р.Шойбеков, З.Бейсембаева, Т.Ермекова, Ж.Сүлейменова, Қ.Қалыбаева,  Ж.Отарбекова басқарған.

    2016 жылы «Қазақ тіл білімі»  кафедрасы мен  «Тіл теориясы және оқыту әдістемесі» кафедралары  біріктіріліп, «Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасы болып қайта құрылды.

             Қазіргі уақытта кафедраның бағдарлама көшбасшысы - филология ғылымдарының кандидаты, профессор  Г.Қ. Абдирасилова.

    Кафедра білім беру бағдарламалары:

    Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы:

    • 6В01702  – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті (БА)
    • 6В02302 – Филология (БА)
    • 7М01702– Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті (MSc)
    • 7М02301-Филология (MSc)
    • 8D02301-Филология (PhD) бойынша мамандар дайындайды.

    Біздің түлектеріміз ғылым мен білім жүйесінде (университеттер, колледждер, мектептер, ғылыми-зерттеу институттары), баспасөзде (газет және журнал редакциялары, баспалар, радио және теледидар), мемлекеттік қызметте (сыртқы істер, мұрағаттар, кітапханалар, мұражайлар) әр түрлі профильдегі фирмалардағы агенттіктер жүйесінде сұранысқа ие.

    Миссия мен Халықаралық ынтымақтастық

    Қадрлық құрам

    Жүктеу...