Практикалық шетел тілі кафедрасы
-
Кафедра туралы
Қазақ тілі және әлем тілдері институты құрамына кіретін Практикалық шетел тілі кафедрасы 1960 жылы ашылды. Алғашқы меңгерушісі М.Г.Бегімбетова 16 жыл кафедраны басқарды.Ол 1945 жылдың қыркүйек айынан бастап ағылшын тілінен қазақ қыздарына білім берген алғашқы ұстаз. 1977-1983 жылдар аралығында кафедраны аға оқытушы Р.Г.Грильборцер басқарса, ал 1983 жылдан ф.ғ.к., доцент Ж.М.Молдажаров меңгерушілік қызметін атқарған. Кейінгі жылдары ф.ғ.д., профессор К.А.Құрманәлиев (1987-2000), аға оқытушы Б.Н.Қарабаева, ф.ғ.к.,профессор З.Д.Түйебекова, ф.ғ.к., доцент Қ.Ә.Әміралиев, ф.ғ.д.,доцент Ш.Б.Бәйнеш басқарған. Осы жылдар аралығында кафедра оқытушылары ағылшын, неміс, француз, қытай, араб, корей, парсы, латын тілдерінен практикалық сабақтар берген. Кафедрада Қазақстан Республикасының оқу-ағарту ісінің үздіктері, еңбек ардагерлеріШ.А.Айманова, А.И.Мартынова, Ғ.Қ.Шаймерденова,Л.Я.Лиманская,Ф.Қ.Тыналина, Ж.Б.Найманбаева, С.Ә.Әлішерова В.И.Резникова, Т.Н.Назарбаева қызмет етті, қазір құрметті демалыста.
Жалпы институттық практикалық шетел тілдері кафедрасы 2003 жылдың 18 қыркүйегінде институт ректорының № 202 бұйрығымен құрылып, аталған кафедрада ф.ғ.к,. доцент С.А.Асанбаева 2003 -2012 жылдар аралығында меңгерушілік қызметін атқарды. 2012 жылдан бастап практикалық шетел тілдері кафедрасы Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің құрамында болды. Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., Ұ.Р.Қансеитова қызмет етті. 2019-2020 оқу жылынан бастап Практикалық шетел тілі кафедрасының меңгерушісі. болып п.ғ.к.,Р.О.Озгамбаева қызмет атқарды. 2020-2021 оқу жылының қыркүйек айының 25 жұлдызынан кафедра меңгерушусінің м.а. аға оқытушы, п.ғ.м. Пазилова Бакиза Аблазовна қызмет жасап келеді. Штатта 10 оқытушы жұмыс жасайды, оның 8 магистр аға оқытушы, 2 магистр оқытушы. Штаттан тыс 2 докторант оқытушылар бар. Практикалық шетел тілі кафедрасы екі жоғарғы мектеп пен 4 институттың бірінші және екінші курс студенттеріне «Шетел тілі»,«Қолданбалы шетел тілі» пәндерінен практикалық сабақ береді. Барлық оқытушылардың Қазақстанның жоғары оқу орындарында алған базалық білімдері бар, еңбек келісім шарттары негізінде қызмет істейді.
Кафедраның 2019-2021 жылдарға арналған ғылыми бағыты бойынша «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында тілдік емес мамандықтарда шетел тілін оқытудың өзекті мәселелері және оны шешу жолдары» тақырыбында жұмыс атқарып келеді 2020 жылдың 19-28-і қараша аралығында оқытушылардың ұйымдастыруымен факультет арасында “Туған жер” атты эссе жазудан байқау өткізілді. Ағылшын тілінде өткізілген бұл эссе байқауына ерікті түрде барлық факультеттің 1 және 2 курс студенттері қатысты. Байқауға 30 дан аса шығарма келіп түсті.
Сондай-ақ тәжірибе жүргізу мақсатында осы байқауға мектеп оқушылары да қатысты. Онда бірнеше мектеп оқушылары, мәселен, “Ұлағат ЖОМ” мектебі, № 177 ЖББ және Ордабасы ауданы, Бадам ауылының А.Шерімқұлов атындағы мектептер қатысты. Талапқа сай жазылған эссе иелеріне, яғни оқушыларға студенттерден бөлек орындар тағайындалып, сертификаттар берілді.
Миссия
Үздік әлемдік тәжірибеге негізделген үздіксіз және кәсіби білім беру және ғылыми зерттеулер негізінде заманауи білімді қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Білім беру бағдарламалары
Қадрлық құрамЖүктеу...
Байланыстар