Шет тілін кәсіби даярлау кафедрасы
-
Кафедра туралы
«Шет тілін кәсіби даярлау» кафедрасы «6В01705 - Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша 3-4 курс бакалаврларды, «7M01705 - Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрлерін, «8D0170300 - Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторларын даярлауды жүзеге асырады.
Кафедраның мақсаты мен міндеттері: жоғары кәсіптік біліктілігі, білімі мен дағдылары, шет тілдерін оқыту саласында дамыған шет тілді коммуникативтік құзыреттілігі бар бәсекеге қабілетті мамандар – білім алушыларды, магистранттар мен докторанттарды көптілді және көпмәдениетті салада тиімді кәсіби қызмет үшін даярлау. ПОҚ ғылыми қызметін жандандыруды қамтамасыз ету, халықаралық байланыстарды кеңейту, білім алушылар мен оқытушылардың ұтқырлығын дамыту болып саналады.
Кафедраның қызметі мәлімделген миссияға, университеттің даму стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ұйымдастырылады және оларды іске асыруға бағытталған.
Кафедра құрамы: 3 ғылым кандидаты, 3 PhD және 6 магистрлар. Кафедраның ПОҚ шетелдегі академиялық ұтқырлық бағдарламаларына және халықаралық жобаларға белсенді қатысады.
Қадрлық құрамЖүктеу...