2025 жылдың 18 қазан күні Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының Тарих кафедрасы БҰҰ бекіткен 17 Тұрақты даму мақсаттарының 11-бағыты – «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» аясында «Тарихи ескерткіштер – ұлттық мұра» тақырыбында далалық сабақ ұйымдастырды.
Экскурсияға 1–2 курс студенттері қатысып, «Жас тарихшы» үйірмесінің жетекшісі Мұқан Әйгерімнің басшылығымен «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына барды.
Сапар барысында студенттер Алтын адамның тарихымен, сақ дәуірінің мәдениеті мен археологиялық құндылықтарымен танысты. Музей қорындағы жәдігерлер арқылы олар ежелгі өркениет пен қазақ халқының бай тарихи мұрасы туралы мол мағлұмат алды.
Осындай далалық сабақтар студенттердің туған ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраға құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған.
