Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде университет басшылығы мен Ұлыбританияның Sussex University делегациясының қатысуымен кезекті кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – екі оқу орны арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту және білім беру мен ғылым саласындағы жаңа бірлескен бастамаларды дамыту болды.

Тараптар білім және ғылым саласындағы халықаралық әріптестікті дамыту мақсатында бірлескен магистратура және Split Site PhD бағдарламаларын жүзеге асыруды ұсынды. Атап айтқанда:

  • 1 + 1 MA in Education and Gender Studies
  • 1 + 1 MA in Education and Inclusion
  •  Split Site Joint PhD in Education and Pedagogy (2026–2030)

Бұл бағдарламалар QyzPU студенттері мен оқытушыларына халықаралық академиялық тәжірибе жинақтауға, ғылыми әлеуетін арттыруға және жаһандық білім беру кеңістігіне интеграциялануға кең мүмкіндік береді.